Ораза – парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ болып төртке бөлінеді.
Парыз ораза
Парыз ораза екіге бөлінеді:
Тағайындалған ораза: Рамазан оразасы.
Тағайындалмаған ораза: Қазаға қалған ораза мен «кәффарат» ретінде ұсталған оразалар.
Уәжіп ораза
Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) оразасы сияқты. Белгілі бір уақытта...
1. Рамазан мен айт мейрамы
«Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн де тұтастай илаһи (құдайлық) рақымдылық пен кешірімділікке толып тасады. Мезгілі біткен сәтте жүректерге өзіне деген қимас сезім мен сағыныш-сазы тұнады. Бірақ сол бір жүректері рамазанға айналған жандарды...
Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғат терминінде ораза – ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.
Оразаның...
Намаздың ақылды, балиғат жасына жеткен, хайыз бен нифастан тазаланған мұсылмандарға парыз екені жайлы ауызбірлік бар. Намаз бен ораза секілді тәндік ғибадаттарда өкілдік іске аспайды. Намаздың парыздығын теріске шығарған діннен шығады. Өйткені, намаз айқын аят, хадис және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Жалқаулық,...
Дәжжалдың фитнасынан сақтанудың жолдары
Хазіреті Пайғамбарымыз күнделікті ғибадатында Мәсих Дәжжалдың фитнасынен сақтану үшін Аллаға былай деп дұға еткен: «Аллаһым! Күмәнсіз мен тозақ отынан Саған сиынамын. Қабір азабынан Саған сиынамын. Мәсих Дәжжалдың фитнәсінен Саған сиынамын. Өмір мен өлімнің фитнәсінен Саған сиынамын»[1]. Сонымен қатар Дәжжалдың фитнасынен сақтану жайында Хазіреті Пайғамбарымыз: «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің алдындағы 10 аятын жаттап алса,...
Тағы да бір сол тоқсаныншы жылдары мешіт салып жатқан уақыттан сөз етейін. Себебі, өмірімнің ең бақытты кезеңдеріне сол кезеңдерді жатқызатыным ақиқат.
Ауылымызда салып жатқан мешіт құрылысына бұрыннан танитын Кеңесхан деген ағамыз прораб болып көмекке келді. Ағамыздың атасы Ноғайбай молда кезінде Зайсан өңірінде екі мешіт салып, сауда ұстаған діндар болыпты. Кеңес өкіметі дін адамдарын қудалауға алған соң, Қытай асып, сол жерде дүниеден озыпты. Кейіннен ұрпақтары елге оралып,...
Атақты Құран хафизы, ғалым, доктор, шейх Айман Рушди Суейдтың университет бітіруші қарилерге айтқан насихаты:
"Құрметті шәкірттерім! Сіздердің барлығыңызды Алла Тағала Құран жаттау бақытына қауыштырды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
"خيركم من تعلم القران و علمه"
"Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің", - деп айтқан (Бұхари).
Алла құлының өміріндегі, ғибадатында жұмсаған уақытының ең абзалы - Құран үшін арналған уақыты.
Он қырағатты білесіңдер, үлкен дәрежеге...
Жалпы адам баласы: көру, қарау, бақылап ой жүгіртетіндігімен ерекшеленеді. Сол үшеуінің ішінде "бақылауға" қатты көңіл бөлу керек секілді. Өйткені көру мен қарауда көп нәрсе есте қалмайтыны белгілі.
Қажылық рәсімдеріне бақылау көзімен қарасаңыз, таңғажайып нәрселер ойға келеді екен.
Мәселен, тауафтың жасағанда қажылық жасаушы адам "ғарыш кемесіне" отыратындай іспеттес. Себебі, жеті рет айналу - кеменің оталғанындай, ал одан кейінгі Ибраһим (ғ.с.) мақамындағы екі рәкағат намаз оқуы - ұшу...
Биылғы жыл қазақ тілінің негізін қалаушы, Алаш көсемі - Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың 145 жылдық мерейтойын атап өтетін жыл болып танылды. Осы орайда 15.03.17 жылы Алматыда Ұлттық кітапханада зиялы қауым, ғалымдар, ұлт, тіл жанашырлары бас қосқан конференция болып өтті. Ғалым бабамыздың жарық көрмеген көптеген еңбектері жөнінде сөз болды.Мысыр елінен қатысқан доктор Юнус Сабри А.Байтұрсынұлы еңбектерін араб тіліне аударуға ниетті екенін де білдірді. Бұл бастама ағымдағы жылы...
Санаулы күннен соң жер жаһанды ерекше жылуға, адамзатты мейірім-шуаққа бөлейтін Ұлыс күні – әз-Наурыз мерекесі тойланады. Наурыз – тек қазақ жұртшылығы ғана емес, күллі түркі әлемі үшін айрықша мейрам. Халқымыз ықылым заманнан осынау күнді ерекше сезіммен қарсы алған. Қыстың қыспағынан құтылып, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенін үзілер шағында, жан-жануар көкке, барша жұрттың аузы аққа ілінген уақытқа жеткен көпшілік Жаратқанға шүкірлік айтып, мереке қылған. Азды-көпті өкпе-реніші...
1682168116801679165116471643164016371636