Мұсылман еместердің Рамазан айына көзқарасы
Рамазан – бейбітшілік, рухани толысу және мұсылман жанынан, малынан, тәнінен құрбандық қылатын ай. Осы айға тән негізгі ерекшеліктердің бірі – жер бетіндегі миллиондаған мұсылмандардың ораза ұстауы. Бұл айдың қадірін мұсылмандар өте жақсы түсінеді. Дегенмен, үлкен әлемнің кішкене бір бөлшегі ретінде біз басқа сенімді ұстанған адамдардың да осы біз ауыз бекіткен мезгіл туралы ой-пікірлерін, жеке көзқарастарын біле кеткенді жөн көрдік. Біз өзімізді қоршаған ортадан тыс, одан...
date22.08.2012readCount3039readmoreТолығырақ
Қазақтың дәстүрі – дін, діні – дәстүр...
(Айт күні «айтшылап» келген ой)  Бала кезімізде ораза-намазды білмесек те, айт дегенді ұмытпаушы едік. Жарапазан айтып, жан-жақтағы көршілерге айтшылап барып, қоржынымызды бауырсақ пен тәтті-пәттіге қампитып келетінбіз. Арамызда Құран оқи алатындар болса, Құран оқып, ол болмаса, мектепте жаттатқан тақпақтарды тақылдатып айтып беріп, әр үйден айттық жинайтын едік қой. Үй-үйдегі айтқа дайындық та ерекше болатын. Үйде түк болмаса да, айт үшін бірдеңе табылатын. Әйтеуір, үстел...
date21.08.2012readCount4123readmoreТолығырақ
Дала өркениеті дана өркениеттен шыққан
Дала өркениеті – дара өркениет. Оны отырықшы жұрттардың өркениетімен салыстыруға келмейді. Себебі, екеуінде қарама-қайшылық көп. Содан да отырықшылар өз тарихнамаларында дала өркениетін әдейі елемейді, жазбайды. Дала өркениеті – әр салада қайталанбайтын мәдениеттер жасады. Қоғамдық құрылысы туыстық жүйемен құрылған. Бір не бірнеше атадан тараған түтіндер ауыл атанды. Бір ауыл қыстау, төлдеу, жайлау, күзеу деп аталатын бір қоныста іргелес отырды. Бұлар жеті атаға дейін өсіп,...
date21.08.2012readCount4587readmoreТолығырақ
Әзірге бұл – сектор, түбі – іргелі елге айналатынына сенеміз
Араб әлемі біріне үрей әкелетін, енді біріне үміт сыйлайтын көктемге ұқсайды. Бұл эйфорияда күллі әлем палестиндік анклав деп аталатын ұлтарақтай жерді ұмыт қалдырған тәрізді. Жеті жылға созылған блокададан әбден титықтаған осынау өлке келіп болмайтын көктемнің азаттықтың  иісі аңқыған ауасымен бірге тыныстайды. Ресейлік дәрігерлердің алғашқы тобы блокадада қалған Газа секторына табан тіреді. Татарстан мен Мәскеуден келген бес дәрігер халыққа көмек қолын созбақ. Бір қолымен...
date07.08.2012readCount3181readmoreТолығырақ
Тақуалық
Тақуалықты батырлықтың баламасы деуге де болады. Өз нәпсісімен соғысып жүрген адамды «тақуа» дейміз. Иманның түп негізі бір Құдайға сену. Сене тұрып пенде баласы күнә жасамай тұрмайды. Сонда күнә жасау Құдайға сенбеуден емес. Иманның бір көрінісі Құдайдан қорқу. Қорқа тұрып пенде баласы күнә жасайды. Сонда күнә жасау Құдайдан қорықпаудан да емес екен. Иманның нақ көрінісі – Құдайдан үміт ету. Үміт ете тұра пенде баласы күнә жасағыш. Сонда, күнә жасау Құдайдан үмітсіздіктен де...
date03.08.2012readCount5775readmoreТолығырақ
Оныншы тілек тілеңіз...
Ұлы Жаратушы ата-ананы ұрпақ жалғастығының басты себебі етіп жаратқан. Ерлі-зайыптылар шаңырақ құрып, бала-шағалы болып, отбасының өрісі кеңейеді. Ата-ана қолынан келгенше перзенттерін бағып-қағып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Осы жолда барын жұмсайды, тіпті өзін құрбан етуге де даяр тұрады. Бірақ уақыт озады, ата-ана да қартайып, қауқарсыз күйге түседі. Дүние кезек, енді ата-анасы баласына қонақ болып, Жаратушы иенің аманатын арқалау міндеті перзенттің мойнына...
date03.08.2012readCount6311readmoreТолығырақ
Рамазандағы қуғын-сүргін
Бұрынғы Бирма, қазіргі Мьянмадағы мұсылмандар үшін биылғы жаз қорлық пен зорлық нәубетіне айналды. Жергілікті халықтың 89 пайызын құрайтын буддистер Ислам дінін ұстанушы Рохинья қауымын қуғын-сүргінге ұшыратып жатыр. Әсіресе, буддистер 1,8 миллион мұсылман тұратын Ракхан штатын басып алып, қанға бөктірді. Қанды оқиғалар дәл қазір де жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін 20 мың мұсылман азапталып, өлтірілген. Басты назар аударатын нәрсе, жазықсыз мүміндерді діни не этникалық топтар емес,...
date31.07.2012readCount3773readmoreТолығырақ
Тәсбих - зікірді сүннет намазынан кейін тарту қате ме?
Мешітте парыз намаз біткеннен кейін жалпы жамағат намаздың соңғы сүннетін оқиды. Сосын ғана зікір тартып (33 рет субханалла, 33 Алхамдулиллаһ, 33 рет Аллаһу әкбар), дұға жасайды. Ал бірең-сараң кісілер парыз намаздан кейін бірден зікір, дұғаларын жасап жатады. Содан кейін ғана сүннет намазды оқыса оқиды, әйтпесе тұрып кетеді. Олардың ойынша «парыздан кейін бірден зікір айтып, дұға жасау сүннет. Ал оны ханафи мәзһабындағыдай сүннет намазынан кейінгі уақытқа қалдыру Алла елшісінің...
date31.07.2012readCount7448readmoreТолығырақ
Дін тыныштықта дамиды немесе Матуриди ақидасы адасқан ба?
Адамзат баласы үшін ең қажет дүние – тыныштық пен мол ризық. Өйткені, барлық нәрсе тыныштықта ғана дами алады және мол ризық себепті алаңсыз ғұмыр кешеді. Құранда Алла тағала: «Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! Және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр» деп, жалбарынды». (2/126). Осы аятқа мән берсек: Алланың сүйіктісі болған Ыбырайым ғ.с. Раббысынан өз жеріне, яғни Мекке қаласына ең әуелі...
date30.07.2012readCount6876readmoreТолығырақ
Түйеқұстар
Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың бір тал қанаты тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан. Кейінгі жылдары әлем елдеріндегі құс...
date03.07.2012readCount11645readmoreТолығырақ