Он жасқа келіп, ес біле бастаған кезіміз болатын. Анам Қамария (марқұм) ауруханада әйелдер босанатын жерде жұмыс істейтін. Біздің үйдің қасында көрші Сәрсенкүл деген орта жастағы келіншек босану кезінде көп қан жоғалтып, екінші топтағы донор іздегені есімізде. Содан донорлыққа базарда сауда сатып тұрған, аузы аузына жұқпайтын, сумаңдаған бір әйел келісіпті. Соның қанын құйып аман қалды деп үйге анам айтып келген болатын. Екі аптадан соң, Сәрсенкүл ауруханадан шығып, үйіне келіп,...
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ
Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти
ИМАНДЫЛЫҚҚА ҰЙЫТҚАН ТҰЛҒАЛАР
Қазақ елі Қарахан қағанаты дәуірінен күні бүгінге дейін Ислам дінін ұстап келеді. Дешті қыпшақ даласының перзенті нәубет заманы туып, басына қара бұлт үйірілсе де бір сәт мұсылмандықты ұмытпаған. Сонымен бірге, Ислам ғылымының өркендеуіне өзіндік үлес қоса білген халық. Әлем қазақ топырағынан шыққан Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұни һәм Ахмед Иүгінеки бастаған тұғырлы...
«Экстремизм» термині – сөзбе-сөз (лат. Еxtremus - шеткі) шектен тыс көзқарастарды ұстанып, шектен тыс əрекеттерге бару қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деп анықталады. Экстремизм – әр уақытта әрқалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.
Соңғы жылдары елімізде дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталар көбейіп кетті. Олардың басым көпшілігі Ислам атын жамылған және протестанттық прозелитистік ағымдар десек болады. Еліміздің рухани тұтастығын сақтағымыз...
Бисмилләһир-рахманир-рахим!
Бүгінгі таңда дүниежүзінде өзекті мәселелердің бірі болып отырған діни радикализм, экстремизм және терроризм тақырыбында форум ұйымдастыруларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Жалпы радикализм сөзінің мағынасына тоқталатын болсақ, бұл сөз латын тілінен аударғанда қалыптасқан тұрақты жағдайды түбегейлі өзгертуге бағытталған саяси-әлеуметтік идеялар мен әрекеттер деген мағына береді. Діни радикализмнің және бір белгісі, мұнда адам шариғат міндеттемеген...
Міне, нағыз ұлттық тәрбие деген осы болар. Түркияның бiр актрисасы Голливудқа барыпты. Өте көрiктi, ерекше жаратылған жан болса керек. Голливуд оны қуана қабылдайды. Бiрақ, ол фильмге түсуден бас тартып, елiне қайтады. Сондағы себеп, сценарий бойынша бiр эпизодта әлгi сұлу кеудесiн жарқырата ашып жiберуi керек екен. Ал, Голливуд актерлерiнiң бiрi бiрнеше секунд оның кеудесiне "тұмсығын тыға" тұруы керек екен. Сонда әлгi түрiк қызы не деген дейсiз ғой. "Мұндай арсыздықа Шығыс дәстүрi, халқымның...
Елімізде 3000-ға жуық бақсы-балгер ресми тіркеліпті. Тіркелмегендерінің саны одан көп болуы әбден мүмкін. Солардың қатарындағы «Үкілі бала», «Емші бала Ербосын», «Аралдық емші бала» деген атпен танылған Ербосын Серікбаевтың әрекетін сарапшы мамандар алаяқтық деп танып, одан қауіптену керек екенін айтады.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде «Ниса» сүресінің 11-аятында: «Шындығында Алла Өзіне серік қосқанды кешірмейді, ал одан басқаны (басқа күнәні) қалаған...
Соңғы кездері ыңғайсыз жағдайға жиі қалып жүрмін. Біздегі ер адамдардың қыздарға қол созып амандасатыны қиын-ақ. Кейде құрбы қыздардың ортасында олармен қол алысып амандасқан жігіт маған да қолын созады. Ондайда "Кешіріңіз, жігіттермен қол алысып амандаспайтын едім" деп жылы жымиямын. Кейбірі басымдағы орамалға қарап түсіне қояды. Енді бірі аңырап, қолын созған күйі тұрып қалады. Немесе ыңғайсыз күйге түсіп, қарадай қысылады. Мына жақтан қылмыс жасағандай мен біртүрлі боп тұрамын....
Биыл бірінші рет Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан Малғажыұлы Маямеровтың шақыруымен ауызашарына қатыстым. Ауызашарға Араб елдерінің елшілері мен еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. Академик Дихан Хамзабек, Профессор Әділ Ахметов және Профессор Ғарифулла Есім ағаларымыз «Дін мен Дәстүр» атты кітаптың тұсауын кесіп беріп, сөз сөйледі. Уағыз айтылып, құран оқылды.
Еліміздегі ...
Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мадақ, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), оның отбасына және сахабаларына салауаттар болсын.
Қазақ халқында бағзы заманнан айт күндері қырық немесе жетпіс үйге айттап кіріп шығу керек деген дәстүр бар. Әлбетте, шариғат мұндай санды міндеттемейді. Бұл қонақжай қазақ халқының ақжарма, кең пейілдігінен туындаған ізгі салт екені белгілі. Жалпы, отыз күнгі ораза мұсылмандарды тақуалыққа баулыса, айт күнгі қуаныш...
Он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла Тағалаға мақтау, адамзаттың асылы Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбарымызға салауат болсын!
Ислам дінінде ең қасиетті жыл бар. Ол – Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген жыл. Қасиетті ай бар. Ол – Рамазан айы. Қасиетті күн бар. Ол – жұма күні, Арафа күні және тағы да басқа қасиетті күндер. Қасиетті сағат (уақыт) бар. Ол – дұға қабыл болатын сәт. Қасиетті түн бар. Ол – Қадір түні. Мың айдан да...
1873187218641851185018411833182518081805