Мешітте парыз намаз біткеннен кейін жалпы жамағат намаздың соңғы сүннетін оқиды. Сосын ғана зікір тартып (33 рет субханалла, 33 Алхамдулиллаһ, 33 рет Аллаһу әкбар), дұға жасайды. Ал бірең-сараң кісілер парыз намаздан кейін бірден зікір, дұғаларын жасап жатады. Содан кейін ғана сүннет намазды оқыса оқиды, әйтпесе тұрып кетеді. Олардың ойынша «парыздан кейін бірден зікір айтып, дұға жасау сүннет. Ал оны ханафи мәзһабындағыдай сүннет намазынан кейінгі уақытқа қалдыру Алла елшісінің...