Иә, табиғаттың да тілі бар. Табиғаттағы әрбір құбылыс - кездейсоқтық емес, белгілі бір себеп-салдармен тығыз байланысы бар заңдылық. Тыңдай білген адамға табиғаттың да айтары бар. Нанбасаңыз, Құранның мына аятына зер салып көріңіз:
«Жеті аспан мен жер және онда болғандар Алланы барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ, сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер...[1]».
Иә, әрбір жаратылыс өзіне тән тілмен Жаратушыны...
Асан Қайғының арманы
Бізге беймәлім бағзы замандарда елінің қамын жеген Асан Қайғы абыз желмаяға мініп, орманы нулы, көкорайы шалғынды, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған қоныс іздеп, жиһан кезіпті деседі. Жұртымды жерұйыққа қоныстандырсам деген арман қарияны төрткүл дүниенің төрт бұрышына жетелепті.
Сол сапарында Асан Қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты. «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас», – деген екен ақырында. Ал, Жетісуды көргенде:...
Жақында үйлену тойына бардым. Кештің басы – беташар. Сауысқаннан сақ келінді ортаға алып, біз тұрмыз. Қолына домбырасын алып, күйін келтіріп, асаба да ісіне кірісті. Бастапқыда бәрі жақсы басталған. Өлі аруақтардан бастап, әулеттің үлкендеріне сәлем еткізді. Туған-туыспен тізім бойынша таныстыра келе, «Үйіңе қонақ келсе егер, бір шиша арағыңды қой, келін» деп бүлдіргені болмаса… Бір қарын майды шіріткен құмалақ секілді бұдан кейін ойға оралған дүние молайды. Келіннің бетін...
Бүгінде бүкіл әлем бір үлкен ауылдай. Таңертең теңіздің арғы жағында болған жайт сәскеге дейін ғаламтор арқылы түгел әлемге тарап бітеді. Бастапқыда тез ақпарат алысу құралы болған әлеуметтік желі бүгінде ойын-сауық пен уақыт өткізудің ең көп қолданылатын түрінің бірегейі екенінде дау жоқ. Қала берсе, жұмысы жоқтың ермегі де - осы әлеуметтік желі. Алайда, осындай ақпараттық ағыс ішінде «қоқыстың» да қатар жүретінін ұмытпаған жөн.
Ал, енді кеңеске көшейік. Кеңес менен емес,...
Ислам келмей тұрып арабтар ғылымға көп қызығушылық таныта қоймаған. Өздерінің күнделікті тұрмысына ғана қажетті білімге ие еді. Бүгінде біз оларды былай деп топтастыра аламыз.
1. Ырым-тыйым мен салт-дәстүрлер;
2. Аңыз-әңгімелер;
3. Бал ашу, көріпкелдік;
4. Жұлдыз бен аспан әлеміне қатысты сенімдері.
5. Медицина. Көшпенділер арасында, қарапайым қалаларда біраз дамыған;
6. Мал дәрігерлігі. Әсіресе, жылқыға маңыз берілген;
7. Ауыз әдебиеті мен өлең;
8. Шежіре;
9. Жер тану;
10. Түс жору[1].
Сонымен...
Алаштанушы С.Өзбекұлының тұжырымдауынша «Айқап» журналының төңірегіне топтасқан Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Лапин, М.Сералин сияқты зиялылар шариғат заңын дәріптеумен белсенді шұғылданған. Ал, «Қазақ» газетінің төңірегіне жиналған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған зиялылар қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпын насихаттап, мемлекет құруда батыстың республикалық жүйесін құптады. Екі топтың да мақсат-мүддесі бодандықтың қамытын үзіп, тәуелсіздікке қол жеткізу...
Жаз келгелі қашан. Бұл маусымда қыс жалаңаштап кеткен қара жерден бастап ағаш біткен түгел жасылға оранып, айналаның әрін, төңіректің сәнін кіргізеді. Өкініштісі, тек адамдар жалаңаштана бастайды. Әйел қауымының басым көпшілігі әуретінің «қайда қалғанын» ұмытып, төбесінен ұрған күннің қызуынан есінен танады. Көбінің әуретті жерлері жұртқа айқара ашылып, әлемге әшкере болады. «Есті қыз етегін жауып жүреді» деген сөз жайына қалады. Себебі, «қызға қырық жерден тыйым»...
Тұмар тағу - шариғатта үлкен ережеге жатпайды. Құран аяттары, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан дұғалар жазылған тұмарды тағуға болады.
Көз тимесін деп көзмоншақ тағу дұрыс емес. Миллион көзмоншақ тағып қойсаңыз да, көз бәрібір тиеді. Көздің де жыны бар. Көз адам немесе жын арқылы тиеді, - дейді бір сұхбатында белгілі исламтанушы Арман Қуанышбаев. Толығырық төмендегі бейнеден көре аласыздар.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын мұқият оқып шықтым. Елбасы «қазақ баласы туған жеріңе туыңды тік» деп әрбір азаматты елін, Отанын сүюге шақырып, «Туған жер» бағдарламасын ұсынып отыр. Өз туған жерінің сай-саласын, киелі ескерткіштерін көрсетіп, насихаттау әр азаматтың парызы деп білемін. Қазақ тарихы кез келген адамның туған жерінен мәлімет беруден құралады. Тарих шаңымен көмескіленіп қалған деректер ел аузында...
Осы уақытқа дейін де талай қаузалып, талқыға салынған тақырып. Десе де, еліміздегі үш мыңға тарта мешіт-медреселердің имам-ұстаздарына қатысты мәселе шегі мен шешімін таба алар емес. Сондағы даудың басы, әлбетте «Дайрабайдың сиыры» емес – садақа жəшігі. Әйтеуір, жамағат пен халықтан жиналған қаражаттың есебіне жете алмай əуреміз. Біріміз сол ақшаның қайда жұмсалатынына бас қатырсақ, біріміз жəшікке жиналған теңгені имамдардың маңдай теріне қимай қиналатынымыз-ай. Ал...
1917190919081907189818961885188418831879