- Ажырас! Ажырас деймін, ажырас! Құрсын! Бұл сені қарық қылады деп пе ең!? Мұндай жындыны қайтпексің?! - Ал, қайтесің, кетпеймін! - Кетесің! Кет дегенде, ит те кетеді! Кетпесең, кетірем!Кетпен таудан асырам! - Ажырасып боппын! Қолыңыздан келсе, көрерміз... Мен сізге ит емеспін, адаммын! Кетпеймін дедім бе, кетпеймін! - Ойе-е-ебоой, басыма түскені осы ма еді...
Шаңқ-шұңқ еткен дауыс, кемпірдің жылауы... Күнде ұрыс, күнде керіс. Бітетін түрі жоқ. Елдің де мазасын әбден алып бітті. Алты айдан бергі...
Құран Кәрімнің бірнеше аяттарында пайғамбарға (с.ғ.с) жасалған қиянатты Аллаға жасалған қиянат деп, пайғамбарға (с.ғ.с) жасалған жақсылықты Аллаға жасалған жақсылық деп бағалағанын көреміз. Әрине, аяттың бұлай қолданылуы пайғамбардың (с.ғ.с.) Алла алдындағы жоғары мәртебесін көрсетсе керек.
«Аллаға әрі оның Елшісіне жапа шектіргендерді Алла дүниеде де, ақыретте де лағнеттеді» деп, оларға қияметте қор қылатын азаптың дайындалғанын айтады[1]. Шындығына келсек, Аллаға жапа шектіру,...
Сену немесе сенбеу өз еркіңізде. Бірақ, оқып шықсаңыз уақытыңыз зая кетпегеніне көз жеткізесіз. Бұған кәміл сенемін. Бұл хадис имам Бұхаридің еңбегінде Әбу Һурайра (р.а.) арқылы риуаят етілген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) таң намазын оқып болған соң, жұртқа қарап: «Баяғыда бір кісі сиырын айдап келе жатып, малына мініп әрі оны ұрыпты. Сонда сиыр: Біз ол үшін жаратылмағанбыз, біз жер жырту үшін жаратылғанбыз»,-деген екен, - дейді. Адамдар: «Сухбана Алла, Сиыр сөйле ме?!», - десті....
Үкіметіміз еліміздегі діни ахуалды реттеуді одан ары қарай дамыту үшін бірқатар заңнамаларымызға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қолға алғаны көпшілікке белгілі. Қоғамның қызу талқысына түскен низам жобасының әдепкідегі нобайына бірқатар ұсыныстар енгізілді. Соның бірі – ҚМДБ-ға қарасты мешіттердің неке қиюға қатысты функциясы және діни білім беру жүйесі, оның ішінде мешіттердегі сауат ашу курстарына қатысты тұстары десек, сірә қателеспейміз деп ойлаймын.
Біз...
Ислам дінін бүгінде әлемнің 120 шақты елінде бір жарым миллиард мұсылман ұстанады. Ол 28 мемлекеттің мемлекеттік не ресми діні болып табылады. Ислам дініндегі негізгі ұстаным ̶ бейбітшілік. Құрандағы «Әй, адамдар! Біз сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Бір-бірлеріңді тану үшін ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Алланың назарында ең артық тұрған адам ̶ тақуалықты ең жақсы ұстанғандар. Алла біледі әрі бәрінен хабардар»[1] деген аятта назар аударатын мәселе барша адамдардың...
Пайғамбардың (с.ғ.с.) басқа дін өкілдерімен жасаған қарым-қатынасын Құрандағы: «Кафирун» сүресіндегі «Сендерге өз діндерің маған өзімнің дінім» аяты анық баяндайды. Ол замандарда Араб жазирасының халықтары түрлі дінді ұстанды. Олардың арасында христиандар, яхудилер, отпарастар, пұтпарастар және сол сияқты т.б. сенім ұстанушылар болды. Пайғамбардың осы замандарда басқа дін адамдарына көрсеткен толеранттылығы парасатты адам үшін үлкен ғибрат.
Пайғамбардың қалаған...
Үстіміздегі жылдың 12-сәуірінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы жарияланды. Барша дерлік мемлекет, қоғам қайраткерлері және т.б. азаматтар мақаланы қолдап және оңды пікір білдіріп жатыр. Оның ішінде руханият қызметкерлерінің бірі біздер діндарлар да бармыз.
Расында, экономикалық даму мен ішкі саяси тұрақтылықтың баяндылығы руханиятта. Шегініс жасап айтар болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығындағы нарықтық экономика сынды...
Олимпиада чемпионы, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры Бахтияр Ғарифоллаұлы Артаевпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
– Бахтияр Ғарифоллаұлы, қазіргі аға буын кейінгі жастарды рухсызданып кетті, патриотизм жоқ, Отанды сүюден ада деген сыни ойларын жиі айтады. Бүгінгі жастарды сондай бағытта тәрбиелеу үшін не істеуіміз керек, қандай әрекеттерге барғанымыз жөн? Мәселен, біреулер тарихи тұлғаларымызды танытуымыз қажет десе, енді бірі спорт саласының бұқаралық...
Әрбір мұслыман білімді адал ниетпен үйренуі керек. Мақсаты тек қана байлық жинап, мәртебеге ие болып, рахат өмір сүру болса, бұл дүниеде өз еңбегінің жемісін көргенімен, ақыретте оның еш пайдасы болмайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді:«Қиямет күні ең көп азап көретіндер – Алла Тағаланың ілімінен пайдаланбаған ғалымдар», «Алла Тағаланың разылығына лайық болу үшін үйренетін білімді тек қана дүниені иелену үшін үйренген адам қиямет күні жәннаттың иісін де сезбейді»,...
Кішіпейілділік пен қарапайымдылық – адам бойындағы асыл қасиет. Бұл ізгі қасиеттер пайғамбарлардан қалған мұра іспетті. Қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады.
Қарапайымдылық – өзін басқалардан бір саты жоғары немесе төмен көрмеу деген сөз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Қарапайым болғанға сүйінші болсын», – деген....
2064206020492043204220412026202420232013