old.muslim.kz Мұсылман көрші - Muslim.kz
Мұсылман көрші
Мұсылман көрші

Бірде Осман мемлекетінің патшасы Фатих Сұлтан Мехмет тағамдардың сапасын және бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады. Бір дүкенге кіріп, сатушыға:

– Маған жарты келі май, жарты келі бал және жарты келі ірімшік беріңіз, – дейді.

Сатушы жарты келі май өлшеп, ақшасын есептеп болғаннан кейін:

– Аға, сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені, оның заттары жақсырақ әрі көршім әлі ештеңе сатқан жоқ, – дейді.

Патша екінші дүкенге кіріп, ол жерде жарты келі бал алған соң, сатушы оған:

– Аллаға шүкір, аға, мен бүгін саудамды бастадым, балаларымның жейтін тамағының ақшасын таптым, ал көршім әлі ештеңе сатқан жоқ, жарты келі ірімшікті содан алыңыз, – дейді. Сонда патша:

«Бұл халық осындай көркем мінезімен дүние жүзін өзіне қаратады: Халықтың осы таза кісілік қасиетін бұзған адамға Алланың қаһары жаусын», – деген екен.

 
date08.06.2015readCount5352printБасып шығару