old.muslim.kz Жаным ашиды - Muslim.kz
Жаным ашиды
Жаным ашиды

Бір күні халифа Омар (р.а.) бірнеше адамдармен шіркеудің жанынан өтіп бара жатып, сақал-шашы аппақ қудай, қарттықтан қалжыраған бір попты кезіктіреді. Халифа оны көргенде, көңілі босап, солқылдап жылап жібереді. Жанындағылар себебін сұрағанда:

–  Төрінен көрі жуық мына кісіге жаным ашып жыладым. Осы жасқа келгенше адамзаттың мақтанышы Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) танымаған екен. Танымаған қалпында дүниеден өтіп бара жатыр. Мұны көрген мұсылман жыламай қайтсін, – дейді. 

date30.05.2015readCount4655printБасып шығару