old.muslim.kz Дәуіт пайғамбар мен қасқыр - Muslim.kz
Дәуіт пайғамбар мен қасқыр
Дәуіт пайғамбар мен қасқыр

Дәуіт (ғ.с.) орынтағына жайғасып, Зәбүр оқып отырып, сүйретіліп әрең кетіп бара жатқан өзгеше түсті бір қасқырды көреді. Ішінен: «Апыр-ай, бұл қасқырды жаратудағы Хақ Тағаланың мақсаты не болды екен?» – деген ой келеді. Сол кезде Алла Тағаланың сөйлетуімен қасқыр оған:

«Әй, пайғамбар! Күн сайын күндізгі уақытта мың рет «субханаллаһи уәл-хамду лиллаһи уә лә иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар (Алланы пәктеймін, мақтау айтамын, Одан басқа тәңір жоқ, Алла ең ұлы) деуді Алла маған міндеттеді. Ал, түнде тағы да мың рет «Аллаһумма салли ала сәйидинә Мұхаммадин нәбиил-умиил уә алә әлиһи уә сахбиһи уә сәллим» (Алла Тағалам, оқу-жазу білмейтін пайғамбарың Мұхаммедке, соның ұрпақтарына, сахабаларына рақымыңды төк, саламаттық бер)» деуімді міндеттеді. Ал, өзің зікірді қайтіп айтасың, білдірші, мен де тыңдайын?» – деп жауап қатады.

Бұны естігенде, Дәуіт (ғ.с.) қасқырдың кейпін сырттай қорашсынғанына өкініп, тәубе етті. 

date25.04.2015readCount5606printБасып шығару