old.muslim.kz Харижатул-Фаразинның қызына айтқаны - Muslim.kz
Харижатул-Фаразинның қызына айтқаны
Харижатул-Фаразинның қызына айтқаны

Тақуа кісілерден Харижатул-Фаразин қызы Әсманы ұзатарда былай деген екен:

«Сен өскен ұяңнан жат жерге, өзің жете танымайтын адамға ұзатылып бара жатырсың. Сен оған жер бол, ол саған аспан болсын. Сен оған жайылып төсек бол, ол саған сүйенер тіреуің болсын. Ешқашан қытығына тиме, сені ренжітпесін. Одан тым алыстама, сені ұмытар. Жақындаса, сен де жақында. Сенен аулақтаса, сен де алыстау тұр. Мұрныңды, құлағыңды және көзіңді мұқият таза ұста, ол сенен тек жақсы иіс сезсін, жақсы сөз естісін, үнемі жанға жағымды жақсы мінез көрсін». 

date06.04.2015readCount4829printБасып шығару