old.muslim.kz Сабасына түскен құл - Muslim.kz
Сабасына түскен құл
Сабасына түскен құл

Бір патша құлымен бірге кемемен жүзіп келе жатты. Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып жылай бастайды. Жұрттың мазасын алды. Оны ешкім сөзбен жұбата алмады. Сонда бір данышпан кісі патшаға: «Егер рұқсат етсеңіз оны тыныштандырайын», – депті. Патша рұқсат беріпті.

Данышпан құлды теңізге тастайды. Байғұс құл суға бір батып, бір шығады. Екінші батқанында оны шашынан тартып, қайтадан кемеге шығарып алыпты. Құл кемеге әзер дегенде мініп, бір бұрышқа барып бүрісіп, үн-түнсіз отырып қалыпты. Патша: «Бұл қалай болды?» - дегенде, данышпан: «Бұл адам теңізге батып, оның машақатын көрмегендіктен, өзінің сау-саламат отырғанынның қадірін білмеді. Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмес», – депті.

date04.03.2015readCount6137printБасып шығару