old.muslim.kz Баланың жақсы болмағы нағашыдан - Muslim.kz
Баланың жақсы болмағы нағашыдан
Баланың жақсы болмағы нағашыдан

Халқымызда нағашы мен жиеннің қарым-қатынасы ерекше. «Үйдің жақсы болмағы ағашынан, баланың жақсы болмағы нағашыдан» деп осы бір туыстық қатынасқа айрықша мән беріп, әрбір балаға анасының туыстарына құрмет көрсетуді үйреткен. Нағашы-жиендік жақсы қарым-қатынас – Ислам дінінде де құпталған игілікті іс.

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ أَقْبَلَ سَعْدٌ فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «هَذَا خَالِي فَلْيُرِنِي امْرُؤٌ خَالَهُ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Жәбір ибн Абдулладан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) сахабасы Сағыдты (р.а.) көргенде: «Мынау – менің нағашым. Қәнеки, кім маған осындай нағашысын көрсетеді?» – дейді екен[1]. Өйткені Сағыд (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) анасы Әмина бинт Уаһб шыққан Құрайыш тайпасының Бәни Зуһра аталығынан болатын. Пайғамбар (с.а.с.) Сағыдты (р.а.) ержүректігі мен жақсы мінез-құлқы үшін мақтайтын. Әрі оның атқан жебесі ешқашан мүлт кетпейтін. Сондай-ақ, Бәни Зуһра руының әйелдері де: «Біз Пайғамбардың (с.а.с.) нағашы жұртымыз», – деп мақтаныш ететін. Нағашы жұртқа деген құрмет арабтардың арасында қазірде де сақталған. Анасы жағынан жақын туыстарына қатысты нақ қазақтардағыдай мақал-мәтелдері бар.

«طِيبُ الْوَلَدِ مِنْ طِيبِ خَوَالِهِ»

«Баланың жақсы болуы нағашысының жақсы болмағынан»

«اَلْوَلَدُ يَجْذِبُهُ عِرْقُ الْخَالِ»

«Бала нағашысына тартады»

«اَلْخَالُ وَالِدٌ»

«Нағашы ата әкемен тең».

 

Пайғамбар (с.а.с.) өзі де қызы Фатимадан туған Хасан мен Хүсейнге нағашы ата болды. Негізгі әулеті де осы екі жиен немерелерінен тарайды.



[1] Тирмези риуаяты.

date16.10.2014readCount8400printБасып шығару