Пұтқа табынушылық
Пұтқа табынушылық

Бір күні мүминдер мүшріктерден: «Жер мен көкті және сендерді кім жаратты?» – деп сұрады. Мүшріктер «Аллаһ» деп жауап берді.

–  Онда неліктен меңіреу пұттарға табынасыңдар?

–  Пұттарға бізді Аллаһқа жақындатсын деп табынамыз. Біз оларға ғибадат етсек, олар біз үшін Аллаһтан шапағат тілейді.

Осыдан кейін мына аят түсті:

«Кітаптың уахимен жеке-жеке түсуі Азиз әрі Хаким Аллаһтан. Біз саған кітапты нағыз ақиқат ретінде түсірдік. Олай болса, сен де бір ғана Аллаһқа құлшылық ет. Естеріңде болсын, жалғыз Аллаһқа табынса ғана дін таза болады. Одан басқаны құдай етіп: «Бұларға бізді Аллаһқа жақындатсын деп табынамыз» дегендерге келсек, олар таласқан мәселеде Аллаһ Өзі үкім береді. Аллаһ суайттық, көрсоқырлық пен күпірлікке салынғандарды тура жолға салмайды, мақсатына жеткізбейді. Аллаһ перзент иеленуді қаласа, жаратқандарынан қалағанын алатын еді. Бірақ ол перзент иеленбеді. Ол бұдан пәк, кез келген нәрсені хикметпен жарататын Хаким!» [1].

1. «Зүмәр» сүресі, 1-4-аяттар

 

date06.07.2013readCount7568printБасып шығару