Зәру кездегі бір дирхамның құны
Зәру кездегі бір дирхамның құны

Хасан Басри (р.а.) әңгімелеуде:

«Бірде бір кісі Османға (р.а.) келіп: «Ей, дәулеттілер! Садақа үлестіру, құлдарды бостандыққа шығару, қажылыққа бару, дін жолында көмек жасауда сауаптың бәрі сендерден артылмайтын болды», – деп мұңайды.

Осман (р.а.): «Сендер бұған қызыға қарайсыңдар ғой, түсінгенім?» – деп сұрады. Әлгі кісі басын изеді. Сонда Осман (р.а.): «Құдай ақы, адамның өзі зәру бола тұра, Аллаһ жолында жұмсаған бір дирхамы бай-бақуатты, молшылық заманда берген адамның он мың дирхамынан артық», – деді».

date22.06.2013readCount4522printБасып шығару