Ләззат тұнған мекен
Ләззат тұнған мекен

Бірде бір кісі:

–  Уа, Расулаллаһ! Осы өмірдегі адамға ұнайтын ләззатты нәрсенің бірі ұйқы екені белгілі. Ал о дүниеде ұйқы бола ма? – деп сауал тастайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) байсалды үнмен:

–  Естеріңде болсын, ұйқы – өлімнің бір түрі, ал жұмақта өлім болмайды, – деп жауап береді. Жаңағы кісі:

–  Ал адамдардың көздері талса, қалай дем алады? – дейді тағы да.

–  Ол жерде шаршау деген атымен болмайды. Олардың әр ісі ләззатқа кенелтеді, – деді де мына аятты оқып берді:

«Раббымыз бізді мәңгілік тұрақтайтын жерге орналастырды. Бұл жерде біз ешқашан жалықпаймыз, әрі шаршамаймыз»[1]

1. «Фатыр» сүресі, 35-аят

 

date15.06.2013readCount5826printБасып шығару