Кәпірлердің жұмағы, мүминдердің зынданы
Кәпірлердің жұмағы, мүминдердің зынданы

Имам Ағзам бір күні үстіне сәнді, сыйлы киім киіп, атын алтынмен әбзелдеп, патшаларға тән салтанатпен көшеге шығады. Сайда қоқыс теріп жүрген бір христиан оны көре салып тұра ұмтылады. Атының шылбырына жармасып тоқтатады да:

–  Уа, имам, бір ауыз сұрағым  бар, жауабын бере кет, – дейді. Имам атының басын тежегенде, христиан сұрағын қояды:

–  Сендердің пайғамбарларың «Дүние – кәпірлердің жұмағы, мүминдердің зынданы» демеп пе еді?

–  Иә.

–  Енді өзің айтшы, екеуміздің қайсысымыз жұмақта, қайсысымыз тозақтамыз? – дейді. Сонда имам жылы жымиып:

–  Рас, егер сен тозақты көрсең, қазіргі халіңе көп шүкір айтар едің. Егер мүмин жұмақты көрсе, ол қанша бай болса да мына өмірден жерінер еді, – деп жауап қатқан екен. 

date11.06.2013readCount5671printБасып шығару