Сәлемдессек болды
Сәлемдессек болды

Бірде Тұфайл ибн Әбу ибн Кағб (р.а.) өзімен бірге базарға барғысы келген Абдуллаһ ибн Омарға (р.а.):

–  Сіз базарға не үшін бармақсыз? Бір нәрсе сатып алатын, не бір нәрсе сатайын деген түріңіз байқалмайды. Одан да келіңіз, мына бір жерге отырып, біраз әңгіме-дүкен құрайық, – дейді.

Сонда сүннет амалдарды істеуге құмар Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оған:

–  Біз кейде үйден тек сәлемдесу үшін шығамыз. Кездескен кісілермен амандасып, есен-саулықтарын сұрасып қайтсақ болғаны, – деп жауап берген екен.

date07.06.2013readCount4914printБасып шығару