Жарты ғасыр жамағатпен
Жарты ғасыр жамағатпен

Саид ибн Мүсәйяб – хадис, тәпсір, фиқыһ ілімі дегенде табиғиндер арасынан ең алдымен еске түсетін кісі.      

Саид ибн Мүсәйяб 15-20 жастарында-ақ пәтуа бере бастаған. Сахабалар оған қайран қалатын, әрі батасын беретін. Бірде Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оған таңғалып: «Расулаллаһ бұл жігітті көргенде, қатты қуанар еді», – деп бағалаған екен. 

Өмірінде елу жыл бойы бірде-бір рет жамағатсыз намаз оқымаған. Ол бұл жайлы: «Тура елу жыл бойы намазда имаммен қатар тәкбір алдым», – дейді.

Мәдина әкімі Хишам күн сайын Саид ибн Мүсәйябтың арқасына дүре соққызатын, өйткені ол Әмәуи әулетінен Уәлидке мойынсұнбаған еді. Мәсрук, Тауыс секілді табиғиннің үлкен имамдары: «Тіліңмен болса да мойынсұнғаныңды айтып бұл бәледен құтылсаңшы», – деп кеңес берсе де, Саид: «Халық бізге қарайды, біз не істесек, соны істейді. Өзімнен гөрі солардың жағдайына көбірек алаңдаймын», – деп алған бетінен қайтпайтын.

date31.05.2013readCount4229printБасып шығару