Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Бірде сахабалардың бірі дін жолында жиһадқа шыққысы келетінін, бірақ қолының қысқа екенін айтып өкініш білдіреді. Сонда Аллаһ Елшісі (с.а.с.): «Үйдегі әке-шешең тірі ме еді?» – деп сұрайды. Ол: «Иә, шешем тірі», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны: «Ендеше, үйдегі шешеңді жақсылап күт. Анаңның көңілін тауып, ризашылығын алсаң, қажылық пен ұмра жасағандай сауапқа кенелесің. Дін жолында күрескен мүжаһидтің сауабынан да құр қалмайсың», – деп қайтарды.
Шал ақынның:
"Мекке менен Мәдина жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Атаң менен анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші",
– деуі осыдан шықса керек.