«Иә, үміттімін»
«Иә, үміттімін»

Алқама – жүздеген сахабалардан хадис риуаят еткен табиғин имамы. Ол өз замандастарынан озық болумен қатар өте кішіпейіл де еді.

Бір күні біреу Алқамаға қарадай тиісіп, айтпаған сөзі қалмайды. Ол кезең ел ішінде әртүрлі бүлік белең алып, адамдар жазықсыз күйе жағуға, жала жабуға арланбайтын кез еді. Ірі имам өзін сөккен адам сөзін аяқтағанша, үндемей тыңдайды да соңында мына бір аятты оқиды:

 «Мүмин ерлер мен әйелдерге жасамаған нәрсені таңып қинағандар, істемеген күнәні айтып оларды қаралағандар, өте ауыр бір қателік жасап, ап-ашық күнәға кірген болып табылады»[1]

Әлгі кісі бұны естігенде: «Сонда өзіңді мүминмін деп тұрсың ба?» – деп ежірейеді. Сонда үлкен имам өзіне жарасатын байсалды мінезін бұзбай: «Иә, үміттімін», – деп қана жауап береді.

1. «Ахзаб» сүресі, 58-аят
date21.05.2013readCount4399printБасып шығару