Дұға қабыл болу үшін...
Дұға қабыл болу үшін...

Фәдала ибн Үбәйд (р.а.) әңгімелеуде:

«Аллаһ расулы (с.а.с.) мешітте отыр еді. Бір адам келді де, намаз оқыды. Бітіргеннен кейін былай деп дұға етті:

–  Я, Аллаһ, мені кешір, маған мейірімді бола гөр!

Мұны бақылап отырған Аллаһ елшісі (с.а.с.):

–  Сен асықпа. Намазыңды бітіргеннен кейін алдымен жақсылап Аллаһқа мадақ айт, одан кейін маған салауат айт, содан кейін барып тілек тіле, – деді.

Біраздан кейін мешітке тағы бір адам кірді. Намазын бітіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтты, елшісіне салауат айтты. Мұны да қарап тұрған Пайғамбарымыз (с.а.с.):

–  Ей, жолаушы, қазір не қаласаң да сұра, дұғаңды Аллаһ қабыл етеді, – деді».

date26.04.2013readCount11206printБасып шығару