Үш «әмин»
Үш «әмин»

Кағб ибн Ужра (р.а.) әңгімелеуде:

«Бір күні Аллаһ елшісі мінберге бір саты жоғары көтерілгенде «Әмин» деді. Екінші басқанда тағы да «Әмин» деді. Үшіншіде тағы айтты. Мінберден түскеннен кейін:

–  Уа, Аллаһтың елшісі, бүгін сізден бұған дейін көрмеген қимыл көрдік. Не екенін түсіндірмес пе екенсіз? – дедім. Сонда ол:

–  Жәбірейіл періште келіп: «Рамазанға жете тұра (ораза ұстап) күнәдан тазармаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Екінші сатыға шыққанда, «Сенің атыңды ести тұра, салауат айтпаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Үшінші сатыға шыққанда, «Әке-шешесі қартайғанда, соларды бағып ризалығын ала алмаған адам оңбасын», – деді. Мен тағы да «Әмин» дедім, – деп түсіндірді».

date26.04.2013readCount6863printБасып шығару