old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Бес жасар баладан: «Қарындасың үшін қан тапсырасың ба? Оның өмір сүргенін қалайсың ба?» – деп сұрағанда, ол көп ойланбастан «Тапсырамын» деген болатын.
Оның екі жасар қарындасы өлім аузында жатқан еді. Оған шұғыл түрде ота жасалуы керек болатын. Ол үшін оған өз ағасының қаны қажет еді.
Дәрігерлер баладан қан алып болғаннан соң бала жай дауыспен қорқыңқырап: «Ал, мен неше минуттан кейін өлемін?» – деді. Ол қан тапсырса өлемін деп ойлаған екен, бірақ қарындасы үшін оған да келіскен еді.