old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сенімді серігі болған Біләл Алла Елшісі (с.ғ.с.) дүниеден қайтқаннан кейін бірнеше күн өткен соң мұсылмандардың анасы Айша (р.а.) анамыздың үйіне барып, есігін қағады. Сонда Айша (р.а.) анамыздың іштен жылап тұрып:
– Айырылыс отымен жанып тұрған жүректің есігін қаққан кім? – деген даусын естиді.
– Алла Елшісінің (с.ғ.с.) қызметшісі Біләлмын... Қалыңыз қалай?
– Ее, Біләл! Судан ұзақта қалған балықтың халі қалай болушы еді? Бүгін түнде Расулалланы түсімде көрдім, періштелермен жүр. Қайда бара жатқанын сұрадым. Әкемнің рухын күтіп алуға бара жатқандығын айтты.
Бұны естіген Біләл дереу Әбу Бәкірге (р.а.) жолығып, Айша анамыздың (р.а.) түсі туралы айтып береді. Хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) оған:
– Алла Тағаланың атымен ант етемін, мені бір рет көріп қалсын, – деп сәлемін жолдайды.
Айша анамыз әкесін қарсы алып:
– Әкешім, Саған керек болар деп таза кебін алып келдім.
– Қызым, ол кебінді қоя тұр. Мұсылман болған күнімдегі киімімді маған кебін қылыңдар! Өйткені, көп уақыттарымды Алла сүйіспеншілігінің берген қорқуымен жылап, көз жасымды сол киімге сүртетін едім. Алла Тағала сол көз жастарымның құрметіне бәлкім маған мейірім етер.
Хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) сол түні қайтыс болды.