old.muslim.kz Бектазинов Марат Дәлелханұлы - Muslim.kz
Бектазинов Марат Дәлелханұлы

Бектазинов Марат Дәлелханұлы 1982 жылы 25-мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Жанұялы, 3 баласы бар.

БІЛІМІ:

* 1988-97 жылдары Аягөз қалалық №3 орта-мектепті, Аягөз қалалық лицейінде орта білім алған.

* 1997-2000 жылдары Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжін тәмамдаған.

* 2015-2017 жылдары «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам университетінде білім алған.


ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

* 2000-2003 жылдары Аягөз қалалық қазақ лицейінің араб тілі және дін тарихы пәндерінің оқытушысы;

* 2003-2005 жылдары ШҚО, Аягөз қалалық орталық мешітінің ұстазы;

* 2006-2009 жылдары Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №1 «КӘУСАР» интернаты директорының орынбасары;

* 2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық №1 орталық мешітінің ұстазы;

* 2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық «5 канал» телеарнасындағы «Ислам: сауалдар мен жауаптар» бағдарламасының діни редакторы және жүргізушісі;

* 2011-2013 жылдары қажылық компаниясының менеджері;

* 2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің маманы;

* 2013-2016 жылдары«Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы;

* 2014-2016 жылдары «Астана медресесі» директорының бірінші орынбасары;

* 2016-2017 жылдары «Нұр Астана» Орталық мешітінің наиб имамы қызметтерін атқарған.

* 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметінде.

* Астана қалалық «Жергілікті түсіндіру тобының» (ЖТТ) мүшесі


МАРАПАТТАРЫ:

* 2002 жыл, 23-тамыз, Аягөз аудандық білім бөлімі бастығының Алғыс хаты;

* 2005 жыл, 25-қазан, Аягөз ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

* 2008 жыл, 25-тамыз, Алматы облысы Білім департаменті бастығының Құрмет грамотасы;

* 2009 жыл, 30-қаңтар, Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы бастығының Құрмет грамотасы;

* 2016 жыл, 2-ақпан, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің алғыс хаты;

* 2016 жыл, 23-қараша, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің алғыс хаты;

* 2016 жыл, 29-қараша, ҚР Президентінің "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.

Наиб имам
date31.05.2017readCount1467printБасып шығару