old.muslim.kz Мемлекеттік қызметте істеген сахаба кім? - Muslim.kz
Мемлекеттік қызметте істеген сахаба кім?

Ол білімді болумен қатар мемлекеттік жоғары қызметтерді де абыроймен атқарған қабілетті сахаба. Хазірет Османның тұсында Африка жорығына Ислам әскерлерінің Елшісі ретінде қатысты. Африкадағы Византияның әкімі Георгий және оның адамдарымен ғылыми мәселелер бойынша пікір таластырады. Византиялықтар алғыр ақылына, ойы мен білімінің тереңдігіне тәнтілікпен оны “арабтардың ең данасы” деген-ді.

Халық ибн Аббастың төрелігіне жиі жүгінетін. Оның үйі, есік алды үнемі кісіден босамайтын. Шәкірті Әбу Салих:

“Ауласына кісілер мұншама көп жиналатын басқа бір адамды өмірімде көрген емеспін” деп, оның шаршы топты жарып сөйлейтін шешендігін, көпшілдігі мен көсемдігін паш етеді. Ол кім десеңіз, ғалым сахаба Абдулла ибн Аббас.

date02.10.2017readCount3220printБасып шығару