Хижра - өнегелі сапар

Хижра сөзі араб тілінде «көшу», «қоныс аудару», «тастап кету» деген тәрізді мағыналарды білдіреді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Мекке қаласынан Мәдинаға хижра жасағанынан яғни қоныс аударған күнінен бастау алады. Яғни, мұсылманша жал санау бастау алды. Бұл кезең 622 жылға сәйкес келеді.

Негізінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хижрасы көптеген мұсылман ғалымдары пікірі бойынша мухарам айында емес, рәбиул-әууәл айында болыпты.
Тек, Хазреті Омар (р.а.) халифалығы кезінде барлық сахабалар келісімі бойынша мұсылман күнтізбесі - осы хижра жасалған жылдан және мухарам айынан бастап белгіленді.
Ал, біз үшін осы көштен алатын өнегелер өте көп:
1) Мұсылман үмбеті Мәдинаға барып, тәуелсіз мемлекет болып құрылды.
2) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы хижрасы кезінде үмбетіне әрбір істі - жоспар құру арқылы жасауға жол көрсетті.
3) Әрбір сапарда адал дос таңдау дәрісін беріп, Хазреті Әбубәкірді (р.а) жол серігі етіп таңдады.
4) Аманатқа адалдық дәрісін беріп, Хазреті Әлиді (р.а.) өзінің орнына елдің аманатын беруге қалдырды.
5) Дүниелік білімді дініне қарамай, әркімнен алуға болатынын көрсетіп, жол нұсқаушы ретінде Меккелік мушрикті пайдаланды.
6) Саур үңгіріне тығылған кезде, өздеріне жасырын тамақ әкеліп беріп жүрген Хазреті Әбубәкірдің (р.а) қызы Әсмаға (р.а.) алғыс айтып, "Зүннатақайни"(екі белдіктің иесі) деп атады.
7) Пайғамбарлық муғжизасының бірі ретінде артына түскен қуғыншы Сурақа ибн Маликке (р.а.) сүйінші хабар айтты.
8) Расулалла (с.ғ.с.) Қуба атты елді - мекенге ең алғашқы мешітті салып, жұма намазын оқыды.
9) Осы хижра жылы - Ислам күнтізбесі болып белгіленді.
Алла Тағала осы келген жаңа хижри жылымызды баршамызға берекелі етсін!

Қуат Қабдолда

date25.09.2017readCount1344printБасып шығару