Адам мың жыл өмір сүрсе де...

Әбу Үбәйда өзінің орнына Муаз ибн Жәбәлді қойдырып, мына өсиетті айтады:

“Намаздарыңды оқып, оразаларыңды ұстап, садақаларыңды беріп, қажылықтарыңды өтеңдер. Бір-бірлеріңізге қамқор болып, басшыларыңызға бағынып, оларға адал қызмет етіңдер. Дүние сізге опық жегізбесін. Адам мың жыл өмір сүрсе де, көретін нәтижесі мынау: Алла адамдардың пешенесіне өлімді жазған, сондықтан бәрі де өледі. Адамдардың ең ақылдысы – Аллаға бағынып, ақырет үшін еңбек еткен адам. Бәріңізге Алланың есендігі мен мейірімін, кешірімі мен берекетін тілеймін…[1]


[1] А. Рафет әл-Бәша, Сахаба хаятындан таблолар, ауд. Т. Узун, Анкара, 1991, 1:78.

date15.09.2017readCount2634printБасып шығару