old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Усама ибн Зәйд былай дейді: «Алла елшісінің немересі Мұхсиннің науқасы артқан кезде хазіреті Фатима Пайғамбарымызға хабар бергізіп үйіне шақырды. Хақ елшісі жанына бірнеше сахабаларды ертіп келді.
Пайғамбар қызын жұбатып: «Алланың бергені де, алғаны да Алла Тағаланың өзіне тиесілі. Әрбір тірі жанның бір өмірі бар. Сабырлы бол! Сауабыңды Алладан күт!» - деді. Сосын немересін алдырып құшағына басты. Мұхсиннің жүрегінің қатты соғып жатқанын естігендей болдым. Оның жағдайын көрген Алла елшісі көз жастарына ие бола алмады. Сол кезде бір сахаба: «Пайғамбарым! Сіз де жылайсыз ба?» - деп қалды. Сол сәтте Алла елшісі жауап қайырып: «Алла Тағала рақымшыл құлдарына ғана рақым етеді»,- деді».