Өлген лақты кім алады?

Бір күні Екі Дүние Сәруары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларымен бірге базардың ішінен өтіп бара жатқанда жерде жатқан лақтың өлексесін көреді. Өлексенің құлағынан ұстап көтеріп: «Кім мынаны бір дирхамға алады?» – деп сұрайды. «Ей, Алланың Расулы, одан да арзан берсе алмаймыз, ол біздің қай ісімізге жарайды!» – деп жауап қатады сахабалар. «Тегін берсе алар ма едіңіз?» – деп сұрағанда, бәрі бірауыздан: «Тегін берсе де алмаймыз, оны қайтеміз!» – дейді. Сонда хазірет Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Уаллаһи, мынау (өлексе) сіз үшін қандай түкке тұрғысыз болса, Алла үшін дүние де осы лақтың өлексесінен бетер түкке тұрғысыз», – дейді[1].


[1] Муслим, Зухд, 2957

date27.07.2017readCount2696printБасып шығару