Айға да бармадың, Бухариды да оқымадың

دخل رجل على شيخ فوجده يشرح لطلابه صحيح البخاري
قال الرجل للشيخ: الغرب وصلوا إلى القمر وأنت تشرح البخاري؟
قال الشيخ: وما العجب في هذا؟ مخلوق وصل إلى مخلوق
ونحن نريد أن نصل إلى الخالق وأنت المفلس الوحيد فلا أنت وصلت القمر معهم
ولا قرأت البخاري معنا

Бір адам шейхқа кірсе, шейх шәкірттеріне "Сахих Бухариды" түсіндіріп жатқанын көреді. Әлгі адам шейхқа: "Батыс болса айға жетіп қойды, ал Сіз болсаңыз әлі "Бухариды" түсіндіріп жатырсыз ба?" - деп сұрапты.
Шейх оған: "Оның не таңғаларлығы бар? Махлұқ (жаратылған) махлұққа жетті. Ал, біз болсақ Халиққа (Жаратушыға) жеткіміз келеді. Бұл жерде сен ғана тақырға отырдың. Өйткені не олармен бірге айға да бармадың, не бізбен бірге "Бухариды" да оқымадың", - деп жауап беріпті.

Доктор Ато ас-Сынбатидің Фейсбук парақшасынан алынды
Аударған - Қуат Қабдолда

date17.07.2017readCount2306printБасып шығару