Ыстықтағы ораза

Нөкерлерін еріткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып, бiр бұлақтың басында тынығуды жөн көрді.
Дастархан жайылғанда, Хажжаж: «Маңайға қараңдаршы,жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе шақырыңдар, астан ауыз тисін» - дедi. Нөкерлер үстіне iлген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жаткан жерінен оятып ертіп келді.
Хажжаж оған:«Кел, бiрге тамақтанайық», - деді.
Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда: «Мені бұдан да артық дастархан күтіп тұр», - деп жауап берді.
- Ол қандай дастархан?-дегенде:
- Алла Тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, - деді.
Хажжаж:«Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің?» - деп таңырқағанда, ол:
- Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстыққа шыдап ораза ұстап жүрмін,-деп жауап берді.

date07.06.2017readCount4155printБасып шығару