old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
1980 жылы 14-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Достық совхозында дүниеге келген. Үйленген, 2 ұлы бар. Жұбайы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы да исламтанушы, қазіргі таңда ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі.
БІЛІМІ:
* 1986-1997 жылдары ОҚО, Арыс ауданы, Ақдала совхозындағы орта мектепті бітірген.
* 1998-2002 жылдары Шымкент қаласындағы «Халықаралық Қазақ-Араб» университетіне оқуға түсіп, «Дінтану және араб тілі» мұғалімі мамандығын алып шығады.
* 2002-2005 жылдары аталған оқу орнында оқытушы болып қызмет атқарады.
* 2005-2007 жылдары «Әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде «Дінтану» мамандығы бойынша «дінтану магистрі» дәрежесін алған.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
* 2005-2006 жылдары аралығында оқи жүріп, Алматы қаласындағы №139 мектеп-гимназияда мұғалім болып жұмыс істеген.
* 2006-2007 жылдары Республикалық «Рахмет самалы» діни танымдық, тарихи-мәдени журналда жауапты редактордың орынбасары болып қызмет атқарған.
* 2007-2009 жылдары «Шымкент» медресесінде директордың орынбасары міндетін атқарған.
* 2009-2012 жылдары «Астана» медресесінде директор орынбасары, оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызметтер атқарған.
* 2012 жылдың шілдесінен бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам болып қызмет атқаруда.
Діни бағыттағы бірнеше аудармалардың, «Ислам және ғылым» атты тарихи-ғылыми кітаптың авторы. Астана қалалық «Жергілікті түсіндіру тобының» (ЖТТ) мүшесі.