old.muslim.kz Ғылым ешкімнің аяғына бармайды - Muslim.kz
Ғылым ешкімнің аяғына бармайды

Халифа Һарун Рашид қажылықтан кейін Мәдина қаласында имам Мәлік ибн Әнасты тыңдауға көңілі ауады. Құзырына алдырмақшы болып нөкерін жібереді. Алайда, имам Мәлік: «Ғылым іздеген кісі ғылымға өзі келеді. Ал, ғылым ешкімнің аяғына бармайды», – деп сәлем жолдайды.

Жіберген нөкері халифаға келіп, имам Мәліктің сәлемін айтады. Халифа айтылған уәжді құп көріп, имамның үйіне бет алады. Үйдің тұсына келгенде, үйдегі өзге адамдардан босатуды талап етеді. Сонда имам Мәлік «Көпшілікті мақұрым етіп жекелеген адамдарға берілген ғылымда қайыр болмайды», – деп,тағы да қарсылық білдіреді. Мұны естіген халифа жымиып, бұл уәжді де қабыл етіп мойынсұнған екен.

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан

date30.11.2016readCount4760printБасып шығару