old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Екі рет үйленген нишапурлық ғалым Саид екінші әйелі Мәриямның сұрауымен алғашқы отбасылық өмірі туралы баяндапты. Бірде: «Өміріңіздегі Аллаға ұнамды бір ісіңізді айтып беріңізші?» – деп өтінген қалыңдығына мына әңгімені айтыпты:
«Ол кездерді ұмыта алмаспын. Әрине, ісімізді қабыл етуші Алла. Тіпті қай ғибадатымды ықыласпен, қай амалымды рия етіп жасағанымды да білмеймін. Дегенмен сол бір амалымды Жаратушы қабыл етер деп үміттенемін.
Жас күнімде атағым шартарапқа жайылды. Сол уақыттарда маған ғашық қыздар көп еді. Бір күні жападан-жалғыз отырғанымда, жаныма бір қыз келді. Келісімен ебіл-дебіл жылап, жан сырын ақтара бастады. Көз ілуден қалғанын, тек маған тұрмыс құруды тілейтінін айтты.
Ойлана келе қыздың көңілін қимадым. Әкесін тауып, құда түсіп, ақыры үйлендік. Қыздың періштедей ақ пейілі, жанды баураған сөзі тек неке қиылғанға дейін ғана созылды. Өкініштісі сол, жар етіп алған гүлім жұпарын емес, тікенін қадап жанымды ауыртып отырды. Алдымда иіліп кішіреюді не сөз тыңдауды білмеді. Бір түзелер деген үмітпен өмір сүре бердім. Талай таңды сабырмен атырып, талай кешті сабырмен батырдым. Қандай қыршаңқы сөз айтса да, үндемедім. Үйде жүргенімде өзімді жанып тұрған оттың ішінде жүргендей сезінетінмін. Міне, дәл осындай жағдайда сол әйелмен он бес жыл бірге тұрдым. Бір күні ажалы жетіп қайтыс болды. Алланың қалауымен, артынан мінезі жайлы өзіңмен үйлендім. Айтпағым, осы он бес жыл бойы оның көңілін жараламадым, тек сабыр етумен болдым. Жаратушыға бір ұнамды қылығым болса, осы шығар деп үміт етемін...»