old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Әнәс ибн Мәлік (р.а.) өгей әкесі Әбу Талха (р.а.) мен анасы Умму Сүләймнің (р.а.) некелесуін былай деп әңгімелейді.
«Әбу Талха Умму Сүләймге құда түсті. Умму Сүләйм: «Уа, Әбу Талха! Сен сияқты адам кері қайтарылмайды. Алайда, сен кәпір адамсың. Ал, мен мұсылман әйелмін. (Сондықтан) саған күйеуге шыға алмаймын. Егер мұсылманшылықты қабыл етсең, сенен алатын мәһрім[1] сол болсын. Сенен басқа нәрсе сұрамаймын», – дейді.
Әбу Талха (р.а.) ұсынысты қабыл алып, мұсылман болды. Умму Сүләймнің мәһірі осы болды[2].