old.muslim.kz Әбу Убайданы өзгерте алмаған дүние - Muslim.kz
Әбу Убайданы өзгерте алмаған дүние

Соғыстардың бірінде Әбу Убайда ибн әл-Джаррахқа (р.а.)  хазірет Омар (р.а) 4000 дирхам жалақы жібереді. Сосын оны алып бара жатқан кісіге: «Байқашы, Әбу Убайда бұл ақшаны не істейді екен?» – деп тапсырады.

Әлгі адам аманатты иесіне жеткізді де халифаның әміріне орай Әбу Убайданы (р.а.) аңди бастайды. Ал, Әбу Убәйда (р.а.) өзіне бір дирхам да қалдырмастан барлық ақшаны қарамағындағы әскерлерге бөліп береді. 

Бұл хабарды естіген хазірет Омар (р.а) көзіне жас алып:

– Иә, Раббым, мұсылмандардың ішінде осындай адамдардың бар екендігі үшін саған мың да бір шүкір! – деген екен.

Тағы бірде Әбу Убайданың (р.а.) үйін әр тараптан бақылап шыққан хазірет Омар (р.а): «Дүние барлық нәрсені өзгертті. Бірақ, тек сені өзгерте алмады, Әбу Убайда!» – деп егіліпті. 

Құлмахан Салыбек
date08.11.2016readCount5158printБасып шығару