old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Бірде өңшең бақалар жиналып алып сайыс ұйымдастырыпты. Сайыс талабы бойынша биік ғимараттың үстіне кім бірінші шықса, жеңіс – соныкі. Көптен күткен сайыс басталады. Тамашалаймыз деп топырласқан бақалар үміткерлердің ешқайсысы жеңіске жете алмайтынын айтып бәстеседі: «Байғұстар-ау, босқа әуре болып жатсыңдар ғой. Бәрібір шыға алмайсыңдар!..»
Бұл сөздерді естіген қатысушылардың бірнешеуі расында күдіктене бастады. Мәреге дейін бара алмайтындарына көздері жетіп, бір-бірден артқа қайтты. Алайда, жалғыз ғана бір бақа бұл сөздерге мән бермей, өжеттікпен жоғарыға өрмелейді. Ал, төмендегілер айқайлап жатты: «Бәрібір жете алмайсың!..»
Ақыр соңында қатысушылардың түгелі дерлік жеңістен үмітін үзді. Тек әлгі бақа ғимараттың биігіне тырмасып шығып, жеңіс тұғырынан көрінді. Таң қалған көрермендер қиын шартты қалай орындағанын сұрау мақсатында қасына жиналды.
Біреуі жеңімпазға жақын келіп: «Мұның үдесінен қалай шықтың», - деп сұрады. Ал, бақа оның да, басқалардың да қойған сұрағына түсінбеген сыңай танытып, үндемеді. Артынша бәрі де оның құлағы естімейтін керең екенін түсінді.
Бұл мысал әңгімеден шығаратын қорытынды: күмәншіл адамдардың үмітіңізді өшіруіне жол бермеңіз. Әрдайым Аллаға тәуекел етіп, өзіңізге сеніңіз. Сонда көзделген мақсатқа жетесіз!