old.muslim.kz Өзіңді ғана ойлама - Muslim.kz
Өзіңді ғана ойлама

Дәрістердің бірінде Жүніс ибн Әбдул Ағлә ұстазы Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғимен бір мәселеде тартысып, ашуланған күйде үйіне кетіп қалады. Ақшам уақытына қарай біреу келіп Жүністің есігін қағады. «Кім ол?» – деді. Сыртттан: «Мұхаммед ибн Идрис» – деген дауыс естіледі.

Жүніс ибн Әбдул Ағләның өзі айтады: «Шафиғиден басқа есімі Мұхаммед ибн Идрис болған адамдардың барлығын ой елегінен өткіздім. Бірақ, есікті ашқан кезімде, ұстазымның өзі тұр екен».

Имам Шафиғи оған: «Ей, Жүніс, мыңдаған мәселелерде пікірлес бола тұра, бір ғана мәселенің артынан жүз көрместей болып кете береміз бе?!» – деді...

Қиссадан түсінетініміз, әр қандай дау-дамайда жеңіп шығамын деп ойлау әбестік. Кей кездері дәреже-даңқыңызды сақтап қалудан гөрі, адамдардың көңілін табу абзалырақ екенін ойлаңыз.

Ағат айтқан адамды сынға алу қажет-ақ, алайда, жеке бастың қақтығысына бармаған дұрыс. Басты мақсат – науқастың өзін емес, оның ауруын жоғалту

Құлмахан Салыбек
date25.10.2016readCount4394printБасып шығару