old.muslim.kz Өзімізді өзгертсек... - Muslim.kz
Өзімізді өзгертсек...

Ертеде үлкен бір қауымды басқарған патша болыпты. Ол күндердің бірінде ұзақ сапарға аттанады. Ал, қайтарда жолдың ойық-шұңқырларынан табаны ісіп, жарақаттанып кетеді. Себебі, алыс жолға бірінші рет шыққан болатын. Сонда елдің барлық көшелеріне тері төсеп қоюды бұйырады. Бірақ, уәзірлерінің бірі басқаша пікір айтты. Яғни, теріден патшаның аяқтарын қаптайтын мөлшерде ғана бұйым жасауды ұсынады. Бұл аяқ киімнің алғаш пайда болуы еді... 

Егер бақытты өмір сүруді қаласаңыз, әлемді емес, өзіңізді өзгертуге тырысыңыз! 

Құлмахан Салыбек
date22.10.2016readCount4565printБасып шығару