Жүкті әйелге қажет 5 дұға

Бала – Алла Тағаланың нығметі. Жүктілік жағдайы тек әйел баласына ғана бұйырылған бақыт. Осы туралы Құранда:  «Ерінен бала көтеріп, ері оған риза болғанда әрқайсыларың қуанбайсыңдар ма? Сонда оған (әйелге) жүктілігінің әр күні үшін күндіз ораза тұтқанның, түнде Аллаға құлшылық еткеннің сауабы жазылады», – делінген.

Жүкті әйел өзінің құрсағындағы баласының денсаулығын, жарық дүниеге аман-есен келуін ойлап көп уайымдайды. Төмендегі Құран дұғаларын әр жүкті әйел жадына тұтса жөн:



Жақсы ұрпақ сұрайтын дұға

«Жаратушы ием! Маған жақсы ұрпақ сыйлай гөр. Дұғаны қабыл етуші Өзің ғана»[1].

Алла құрсақтағыны біледі

«Алла әр әйелдің не көтеріп жүргенін, әр құрсақтың қаншалықты тарылып немесе кеңейетінін біледі. Барлық нәрсе Оның өлшемімен»[2].

Көз қуаныш болар бала сұрау

«Жаратушы ием! Жұбайларымыз бен ұрпағымызды көз қуанышымыз ете гөр және бізді тақуалардың қатарынан ет»[3].

Бой ұсынатын ұрпақ сұрау дұғасы

«Жаратушы ием! Бізді Өзіңе бой ұсынатындар қатарынан ет. Ал біздің ұрпағымызды Өзіңе бойұсынатын қауымнан ете гөр. Бізге құлшылық салтын көрсет және біздің тәубемізді қабыл ал. Расында, Сен – тәубені Қабыл алушы, Мейірімдісің»[4].

Тақуа ұрпақ сұрайтын дұға

«Жаратушы ием, маған тақуалардың қатарынан болар ұрпақты нәсіп ет!»[5].

 


 

[1] «Әли Имран» сүресі, 38-аят.
[2] «Рағыд» сүресі, 8-аят.
[3] «Фурқан» сүресі, 74-аят.
[4] «Бақара» сүресі, 128-аят.
[5] «Саффат» сүреі, 100-аят.

Әмина Омарова
date08.10.2016readCount11085printБасып шығару