old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Фәдала ибн Үбәйд (р.а.) әңгімелеуде:
«Алла Елшісі(с.а.с.) мешітте отыр еді. Бір адам келді де, намаз оқыды. Бітіргеннен кейін былай деп дұға етті:
– Я, Алла, мені кешір, маған мейірімді бола гөр!
Мұны бақылап отырған Алла Елшісі (с.ғ.с.):
– Сен асықпа. Намазыңды бітіргеннен кейін алдымен жақсылап Аллаға мадақ айт, одан кейін маған салауат айт, содан кейін барып тілек тіле, – деді.
Біраздан кейін мешітке тағы бір адам кірді. Намазын бітіргеннен кейін Аллаға мадақ айтты, Елшісіне салауат айтты. Мұны да қарап тұрған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Ей, жолаушы, қазір не қаласаң да сұра, дұғаңды Алла қабыл етеді, – деді».