old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Бір кедей адам күнделікті əйелі дайындаған бауырсақты бір келіден өлшеп, базарға апарып сатып күнелтеді екен. Бір күні базардағы дүкен иесі əлгі кедейден бір келі бауырсақ сатып алыпты. Кедей кеткен соң бауырсақты таразыға салып өлшесе, тұп-тура жүз грамм кем екен.
Бұған ашуланған дүкен иесі ертеңінде базарда жүрген кедейді ұстап алып, елдің көзінше жерден алып, жерге салады. «Сен мені неге алдайсың? Бауырсағыңнан бір келіге толмайды», – алаяқтығын әшкерелемек болады. Сонда кедей төмен қарап : «Кешіріңіз, үйде таразы жоқ еді. Сізден бір келі тары алып, сонымен салыстырып өлшеп жүр едім», – депті.