old.muslim.kz «Қолы ұзын адам» - Muslim.kz
«Қолы ұзын адам»

Айша анамыз (р.а.) әңгімелеуде:

Алла Расулы (с.а.с.) бақиға аттанбай тұрып өз жарларына «Маған алдымен қолы ұзын болғаның қауышасың» деп кеткендіктен, кейде қолдарымызды қабырғаға қойып, бір-бірімізбен салыстыратынбыз. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) «қолы ұзын» дегені көп садақа берушіні меңзегендігі екенін кейін түсіндік.

Зейнеп қайтыс болғанда барып, бұл әдетімізді тоқтаттық. Зейнеп аласа бойлы еді. Өзі ісмер әйел болатын. Тері илеп, түрлі киімдер тігетін. Тапқанынан көп садақа беретін».

date13.04.2016readCount6356printБасып шығару