old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Имам Ағзам мешітте отырғанда, бір адам кіреді. Кіреді де:
– Менің бір сұрағым бар, жауап бер, – дейді. Сосын имамды күтпей өзі сөйлеп кетеді:
– Жұмақты қаламаймын, ал тозақтан қорықпаймын, көрмегеніме куәлік етемін, өлі ет жеймін, рүкүғсыз, сәждесіз намаз оқимын, бүлікті ұнатамын. Осыған пәтуаңды айт. Имамның жанындағы шәкірттері бұған қатты ашуланады. Бірақ имам оларға:
– Бұл тегін адам емес, ғұлама болса керек, өте дана сөз айтты. Бұл адамның «Мен жұмақты қаламаймын» дегені ғибадатын жұмақ үшін жасамайтынын, тек қана Алла разылығы үшін жасайтынын білдіргені. «Тозақтан қорықпаймын» деуі – ол да Аллаһтың еркіндегі нәрсе ғой дегені. Көрмегеніне куәлік беруі – оның Аллаһ пен ақырғы Пайғамбарын (с.а.с.) көрмесе де иман еткені. «Өлексе жеймін» деп ол балықпен қоректенетінін айтып отыр. Рүкүғсыз, сәждесіз намаз оқуы – Құранда «Олар үздіксіз намаз оқиды» дегеніндей, әрқашан жүрегімен Аллаһтың құзырында екенін айтқаны. Және «бүлікті жақсы көремін» деді. Бүлік деп отырғаны бала-шағасы мен малы. «Анығында, малдарың мен перзенттерің сендер үшін фитнә, сынақ» деген аятты меңзегені. Себебі олар көп жағдайда адамды Хақтан алыстататындықтан фитнә деп аталған, – деп тарата сөйледі.
Осылайша шәкірттеріне түсіндіргеннен кейін сұрақ қойған адамға қарап:
– Сен тегін емес, Аллаһты жеткілікті дәрежеде таныған жансың, – деді.