old.muslim.kz Алла ризығымызға кепіл - Muslim.kz
Алла ризығымызға кепіл

Жер бетінде жап-жасыл бір арал бар-тын. Ол жерде жалғыс басты ірі қара өгіз жүретін. Ол қас қарайғанша   жайылып, шөпке тойып семіретін еді. Ал, кеш батса күні ертең не жеймін деп қайғырып, бұл уайым оны дертке шалдықтырып жүдететін. Бірақ, таң атысымен тағы да жайылуға кірісетін. Қалың шөпке қарық болып, жасыл алқапты жалпағынан жайпайтын. Өгіз аш қалудан қорқатын. Сондықтан жаз мезгілінде күні бойы жайылып, шөптерді бастан аяқ жеп бітіруге тырысатын. Алайда, артынша тағы да денесіне май бітіп семіретін еді. Бойында күш қуаты еселене түсетін. Бірақ, кеш батса болғаны, аштық қорқынышына тап болып, бұл күйзеліс оны қалың қайғыға душар ететін болды. Сосын тағы да жүдеп кететін. Егер бәрі таусылса алдағы уақытта немен, қалай  қоректенемін деген түсінік оны түңілдіретін.

Жылдар өтіп ол өгіз өте нашар хәлге түсті. Жағдайы ауырлай бастады. Ол ойлайтын: «Осыншама жылдар бойы еш қиындықсыз шырайлы көк желекте жайылып келем. Ризығым ешбір уақыт азайған жоқ. Бірақ, бұл қорқыныш не үшін?». Алайда түн болысымен-ақ, несібем бітетін болды, деп тағы жүдейтін. Себебі, ол өгіз қу қарынның қамы үшін шектен тыс алаңдаулы еді. Нәпсісі тудырған қорқынышы себепті әрдайым нашар күйге түсетін. Алдағы келетін күндерде не жеймін, ырысым жарты болмай ма, деген терең мұңға бата беретін. Жылдар бойы азығынан айырылып та көрген жоқ. Бірақ, нәпсі қайғысынан арыла алмады.

Өзіңе бұйырғанын бітір не бітірме, тірі жанның тіршілігі қашан да қанағатпен.

Құлмахан САЛЫБЕК
date29.02.2016readCount6522printБасып шығару