old.muslim.kz Қорыққанда ғана... - Muslim.kz
Қорыққанда ғана...

Мекке халқы кейде сауданы кемемен жасайтын. Надандық дәуірінде олардың пұтқа табынғаны белгілі. Кемемен саудаға шыққанда да пұттарын «ертіп» жүретін. Саудагерлер кейде теңізде дауыл тұрып жандары мұрын ұшына келгенде, жапа-тармағай пұттарын теңізге лақтырып, «Я, Алла, өзің жар бол» деп Аллаға сиынатын. Дауыл басылып, аман-есен құрлыққа түскеннен кейін, қайтадан жаңа пұт жасап алатын. Соған қайта табынатын.

Төмендегі аят осы туралы:

«Олар кемеге мінгенде қалтқысыз сеніммен бір Аллаға иман етіп, Соған ғана жалбарынады. Ал, оларды аман-есен құрлыққа шығарғанда, серік қосуды қайтадан бастайды»[1]



[1]   «Анкәбүт» сүресі, 65-аят

 

date11.01.2016readCount6663printБасып шығару