Зекет ғибадатының үкімі

28 шілде 2021 5099 0
Оқу режимі

Зе­кет ғи­ба­да­ты Ис­лам ді­нін­де­гі не­гіз­гі бес ғи­ба­дат­тың іші­нен орын теуіп, Һиж­рет­тің екін­ші жылы Ра­ма­зан ора­за­сы­нан кейін Шәууал айын­да па­рыз бол­ды.

Па­рыз­ды­ғы­ның дә­лел­де­рі 

 1.  Құ­ран Кә­рім

«На­маз оқың­дар, зе­кет бе­рің­дер…»;[1] «Олар­дың кү­нә­ла­ры­нан та­за­ла­нып, мал­да­ры көбейіп бе­ре­кет­те­нуі үшін олар­дың (мұ­сыл­ман­дар­дың) мал­да­ры­нан са­да­қа (зе­кет) ал…»;[2] «Шын мә­нін­де са­да­қа­лар (зе­кет­тер) ке­дей-кеп­шік­тік­тер­ге,тү­гі жоқ міс­кін­дер­ге, зекет­ті жи­науға та­ғайын­дал­ған адам­дар­ға, кө­ңіл­де­рі жі­бі­ті­луі мақ­сат етіл­ген­дер­ге (жа­ңа мұ­сыл­ман­дар­ға т.б.), құл­дар­ды азат ету­ге, қа­рыз­ға бат­қан­дар­ға, Алла жо­лы­на жә­не қинал­ған жо­лаушы­лар­ға бе­рі­луі Алла та­ра­пы­нан па­рыз етіл­ді»[3].

2.  Сүн­нет

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай де­ген:

«Ис­лам ді­ні бес не­гіз­ден тұ­ра­ды: Алладан бас­қа тә­ңір жоқ екен­ді­гі­не жә­не Мұ­хам­мед­тің (с.ғ.с.) Алла та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген ел­ші екен­ді­гі­не куә­лік кел­ті­ру, на­маз оқу, зе­кет беру, Рама­зан ора­за­сын ұс­тау, ша­ма­сы кел­се қа­жы­лық­қа ба­ру»[4].

3. Иж­мағ[5]

Жап­пай бар­лық Ис­лам ғұ­ла­ма, мүш­та­һит­те­рі зе­кет ғи­ба­да­ты­ның па­рыз­ды­ғы­на бірдей көзқарас біл­дір­ген. Тіп­ті са­ха­ба­лар зе­кет­ті бер­мей­міз де­ген­дер­ге қар­сы со­ғыс ашу ке­рек де­ген пі­кір айт­қан. Кім­де-кім зе­кет ғи­ба­да­ты­ның па­рыз­ды­ғын қа­был­да­ма­са, дін­нен шы­ға­ды. Ал, па­рыз­ды­ғын қабыл­дап орын­да­ма­са, кү­нәһар бо­ла­ды.

Байлы­ғы­ның зе­ке­тін өте­ме­ген­дер­дің ақы­рет кү­ні тар­та­тын аза­бы

Қол­да­рын­да­ғы бай­лық­та­ры­ның зе­ке­тін бер­ме­ген адам­дар­дың ақы­рет­те тар­та­тын азаптарының өте ауыр екен­ді­гі ту­ра­лы Әбу Һу­райра (р.а.) Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.ғ.с.) бы­лай деп айтқа­нын риуаят ете­ді:

«Зе­ке­тін бер­ме­ген адам­ның байлы­ғы ақы­рет кү­ні ірі жы­лан пі­шіні­не кі­ре­ді. Екі кө­зі­нің үстінде (қор­қы­ныш­ты­лы­ғы­ның бел­гі­сі ре­тін­де) қап-қа­ра екі до­ма­лақ да­ғы бар. Осы жы­лан қия­мет кү­нін­де иесі­нің мойны­на ора­ла­ды. Со­сын аузы­мен иесі­нің екі жа­ғы­нан ұс­тап: «Мен се­нің дү­ниеде­гі (қат­ты жақ­сы көр­ген) байлы­ғың­мын, мен се­нің (жи­на­ған) қа­зы­наң­мын, – дейді. Со­сын Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) мы­на аят­ты оқы­ды: «Алланың кең­ші­лі­гі­нен өз­де­рі­не бе­ріл­ген нәр­се­ле­рін (бас­қа­лар­ға бер­мей) са­раң­дық іс­те­ген­дер бұл іс­те­рін өз­де­рі­не қайыр­лы деп ойла­ма­сын. Жоқ, тіп­ті (бұл іс­те­рі) өз­де­рі үшін ең үл­кен жа­ман­дық. Ақы­рет кү­ні са­раң­дық жа­са­ған дү­ниеле­рі мойын­да­ры­на ора­ла­ды».[6]

Бас­қа бір аят­та Алла Та­ға­ла са­раң­дар­ды ақы­рет­тің күй­зел­ту­ші аза­бы­нан бы­лай деп ес­кер­те­ді: «Ал­тын, кү­міс­ті жи­нап, оны Алланың жо­лын­да жұм­са­ма­ған­дар­ды күй­зел­ту­ші азап­пен сүйін­ші­ле. Жи­нал­ған ал­тын мен кү­міс то­зақ отын­да қыз­ды­ры­лып, оны­мен маң­дайла­ры, қа­быр­ға­ла­ры жә­не ар­қа­ла­ры таң­ба­ла­на­тын қия­мет кү­ні олар­ға: «Мі­не, мы­нау – өз­де­рің үшін жи­ған дү­ниеле­рің. Ал ен­ді қа­не­ки, жи­на­ған­да­рың­ның дә­мін та­тың­дар!»[7]

Зе­кет­ті өте­ме­ген­дер­дің дү­ниеде­гі тар­та­тын жа­за­сы

Зе­кет­ті өте­ме­ген­дер бұл дү­ниеде жоқ­шы­лық пен аш­тық­қа кі­ріп­тар бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.)  бұл ту­ра­сын­да бы­лай дейді: «Зе­кет бер­ме­ген қауым­дар­ды Алла Та­ға­ла мін­дет­ті түрде жоқ­шы­лық пен аш­тық­қа ұшы­ра­та­ды». Бас­қа бір ха­ди­сін­де бы­лай дейді: «Байлықтары­ның зе­ке­тін бер­ме­се, көк жаң­бы­ры­нан құр қа­ла­ды. Жан-жа­нуар болмағанда олар­дың үс­ті­не жаң­быр жау­мас еді».

 

[1] Бақара сүресі, 34,83-аяттар.
[2] Тәубе сүресі, 103-аят.
[3] Тәубе сүресі, 60-аят.
[4] Тирмизи, Иман,36; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман, 217.
[5] Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің үкімінде ортақ көзқараста болуы.
[6] Әли Имран сүресі, 180-аят.
[7] Тәубе сүресі, 34-35-аяттар

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру