Ұйқыдан тұрған бойда оқылатын дұға
06 ақпан 2019
12670
0
Оқу режимі
Әлхамду лилләһил-ләзи ахяәнә ба‘дә мә әмәәтәнә уә иләйһин-нушуур.
Бар мадақ бізді өлтіріп, қайта тірілткен Аллаға тән! (Уа, Аллам!) Соңында бәріміз де бір Өзіңе қайтамыз.
Бұл дұға сенімді хадис кітаптарының көбінде кездеседі. Аталмыш дұғаны жеткізген Әбу Зәрр мен Хузәйфа ибн Ямән (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұл дұғаны күнде таңертең ұйқыдан тұрған бойда оқығандығын жеткізген[1].
[1] Сахих Бұхари, Да‘ауат 5837; Сахих Муслим, Китәбу әз-зикр 4886; Сунәну Ибни Мәжа, Китәбу әд-ду‘а 3870; Муснәду Ахмәд, Муснәду әл-ансар 20404
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру