"ҮЛКЕННІҢ АЛДЫН КЕСІП ӨТПЕ", ҮЛКЕННІҢ СӨЗІН БӨЛМЕ", т.б.

08 ақпан 2024 2457 0
Оқу режимі

Қазақ халқының үлкенді ерекше сыйлауы жазылмаған, бірақ орындауға тиіс заңы деуге болады. Мұны кез келген саналы ата-ана баласы ес білгеннен құлағына құйып, жетесіне жеткізген екен. Өйткені үлкен кісі өмір көрген, тіршіліктің бұралаң бұрылыстарынан өткен, ұрпақ өсірген.

Оның жасына жеткенше алдында не күтіп тұрғанын білмейсің, керек болса, болжай алмайсың. Сондықтан тексіздік танытып үлкеннің назасына қалғанша, ықыласына бөленіп алғыс-бата алсаң, өзіңе шарапаты тиеді.

"Ісек қойдың басы үлкен болғанымен - саулық қойдың жасы үлкен", - деуші еді қариялар, бұл да бір есте ұстайтын мазмұнды сөз.

Сөздің қысқасы, қазақтың тәрбие-талғамының үлкен бір саласы болып табылатын тыйым сөздер өте көп. Соның бәріне жеке кітап арнамаса, бұл жерде түгел қамту мүмкін емес. Тек бала кезден санаға құйылып, зердеге қонақтап қалғандарын, онда да ел ішінде жиі айтылатын кейбіреулеріне ғана тоқталып өттім.

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

 

Пікірлер Кіру